Алматы, 2021 жылғы 28 қаңтар – Бүгін «Аман-саулық» ҚҚ инфекциялық емес аурулардың қауіп факторларынан туындаған зиянды азайту жөніндегі «Денсаулық» қауымдастығының құрылғанын жариялады. Оның негізгі міндеті-әркімнің денсаулыққа құқығын іске асыру. 

Өмір сапасы мен оның ұзақтығы денсаулық жағдайына тікелей байланысты.  Денсаулық көбінесе біз жейтін және ішетін нәрсеге, өмір салтына, сондай-ақ медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігіне байланысты. «Денсаулық» қауымдастығын құрудың бастамашысы «Аман-саулық» ҚҚ президенті, денсаулық сақтауды ұйымдастырушы дәрігер, Науқастардың қауіпсіздігі және құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық бастаманың мүшесі Бақыт Түменова болды.